Украинада әскери жағдай жарияланды
Жарияланған күні:
Украинаның Жоғарғы рада депутаттары мемлекет басшысы Петр Порошенконың елде әскери жағдай жариялау туралы қаулысын мақұлдады деп хабарлайды ТАCC-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.
Петр Порошенко елге әскери жағдай енгізу туралы Қаулыны 26 қараша күні қабылдаған. Ал бүгін бұл құжатты қабылдауға Жоғарғы рада да келісім берген.
Енді Украинаға осы жылдың 25 қарашасынан 26 қаңтарына дейін әскери жағдай енгізілетін болады.
Ол мемлекеттің Луганский, Донец, Запорожье және басқа 10 өңірінде, сондай-ақ, Украинаның Азов-Керчен акваторында қолданылады.
Айта кетейік, Украина бұл қадамға Азов теңізіндегі кемелерге қатысты жанжалдан соң барған.
Өткен жексенбіде украиналық кемелер мен катерлер заңсыз түрде Ресей шекарасын бұзып өткен. Артынша ресейлік әскери қызметкерлер оларға оқ жаудырып, Керч қаласындағы портқа апарған еді.
Ресейлік мамандардың тергеуі барысында украиналық теңізшілер билік өкілдерінің бұйрығымен жұмыс істегенін, осылайша арандатушылық тудырғанын айтқан екен.
Украинаның Қорғаныс министрлігі осы оқиғадан кейін елді жауынгерлік дайындыққа көшірген еді.
Ал Қазақстан Ресей мен Украинаны келісімге келуге шақырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1765660-ukrainada-skeri-zagdaj-zarialandy/