Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәулеті ерекше 10 үй әлем жұртшылығын таңдай қақтырды

Опубликовано:

Әлемде адамдар біле бермейтін сәулет өнері өте көп. Олардың басым бөлігін қарапайым тұрғындар салған. Таңдай қақтырарлық ғимараттардың сұлулығын KAZ.NUR.KZ - мен бірге тамашалаңыз.

1. Пенсильвания штатындағы етік үй (АҚШ)

Бұл үйді жарнама мақсатында 73 жасар етікші Мэлон Хэйнс тұрғызған болатын. Қазіргі таңда аталған үйдің иелері бұл жерді дәмханаға айналдырған.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

2. Сопот қаласындағы қисық үй (Польша)

Бұл ерекше үйдің тік бұрыштары мүлде жоқ. Әсем ғимаратты Залевски мен Шотински сәулетшілер салған. Олардың айтуынша балалар кітабының авторлары Пьер Оскар Дальберг пен Яна Марцина Шанцер осындай ерекше үй салуға себепші болған.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

3. Отрив қаласындағы Фердинанд Шевальдің мінсіз сарайы (Франция)

Бұл таңғажайып үй - француз пошташының туындысы. Оның үйі - Батыс пен Шығыс мәдениетінің мінсіз үндестігі. Қарапайым пошташы Фердинанд Шеваль бұл үйді тұрғызу үшін өмірінің 33 жылын сарп еткен.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

4. Тас үй (Португалия)

Аталған үй Португалия тауларында табиғатпен үндесіп тұр. Таңғажайып құрылыс 2 қабаттан тұрады. Бұл сәулет өнері туристердің назарынан тыс қалмайды. Сондықтан мұнда ешкім тұрақтамаған.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

5. Пьер Карденнің көпіршікті үйі (Франция) Бұл ерекше үйді сәнгер Пьер Карден үшін оның досы Ант Ловаг салған екен.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

6. Хамад шейхінің ғаламшар үйі (ОАЭ)

О баста үй шейх Хамадтың біріккен Араб әмірлігінің шөлейтті жерлерінде еркін қозғалуы үшін салынған болатын. Ғаламшар үйі 4 жатын, 6 жуынатын бөлмемен жабдықталған 4 қабаттан тұрады.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

7. Сутягиннің үйі (Ресей)

Бұл ғимарат бірді бір шегесіз салынған. 13 қабаттан тұратын үйдің төбесінен Ақ теңізді көруге болатын. Кейіннен 2008 жылы ғимарат заңсыз салынған деп анықталып, 4 қабатқа дейін бұзылды.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

8. Техас штатындағы тесік үй (АҚШ)

Бір күні суретші және дизайнер Дэн Хевел мен Дин Рак ерекше дүние ойлап таппақ болып, аталған үйді тұрғызады. Үйдің негізінде философиялық ойлар жатыр.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

9. Венадағы "Шабуылды үй" (Австрия)

"Шабуылды үй" Австрияның танымал мүсіншінің қолынан туындаған инсталяция. Аталған үйде адам тұрмайды.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

10. Ханг Нга қонақ үйі немесе "Ессіз үй" (Вьетнам)

Антонио Гауди туындысынан шабыт алған қонақ үй иесі Ханг Нга өзінің ертегі үйін салған. Кейіннен ол "Ессіз үй" аталып кеткен. Үйде түзу қабырғалар мүлде жоқ. Ол түгелімен лабиринттен тұрады.

Әлемдегі сәулеті ерекше 10 үй
Фото: 7dach.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1785105-suleti-erekse-10-j-lem-zrtsylygyn-tadaj-kaktyrdy/

pixel