Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті коронавирус Таиланд, Шри-Ланка және Германияға жетті

Жарияланған күні:

Соңғы бірнеше тәулікте Таиланд, Шри-Ланка мен Германияда қауіпті вирусты жұқтырудың жаңа оқиғалары тіркелді. Сондай-ақ Чехияда да инфекция жұқтыру жағдайы орын алды деп күдіктелуде. Аты аталған барлық елдерде Қытайдан келген азаматтармен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қауіпті коронавирус Таиланд, Шри-Ланка мен Германияға жетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Таиланд астанасы Бангкокта қытайлық коронавирусты жұқтыртудың 8 оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде 5 адам жазылып, медициналық мекемеден үйлеріне қайтарылды. Сонымен қатар, ауруды жұқтыруы мүмкін 84 адам тексеріліп жатыр деп хабарлайды РИА Новости.

Таиланд билігі алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтып, сендіруде. Қазіргі таңда елорда әуежайында дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы жолға қойылды. Олар арнайы құрылғыларды қолдана отырып, барлық келген адамдарды тексеріп, аурудың белгілерін анықтаумен айналысуда.

Шри-Ланкада алғаш рет Қытайдан келген коронавирус ауруының белгілері бар әйел табылды. Инфекцияны тасымалдаушы - 43 жастағы Ухань қаласынан келген Қытай тұрғыны болып табылады.

Әйел 25 қаңтар күні ауруханаға жеткізілді. Ал кеше оның вирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта науқаспен инфекционист-дәрігерлер жұмыс істеуде.

Германия азаматынан қауіпті вирустың белгілері анықталды. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, оқшауланды. Бүгінгі таңда оның жағдайы "жақсы" деп бағалануда. Ол мамандардың бақылауында.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Германия билігі науқас араласқан адамдарды анықтауға тырысауда. Себебі вирус оларға да жұғып кеткен болуы мүмкін.

Қытайдан Чехияға келген төрт адамда да вирустық пневмонияның жаңа түрі бар деген күдік бар. Қазір олардың барлығы медициналық бақылауда: олар тексеруден өтті, тест нәтижелері жақын арада белгілі болады.

Чех билігі тұрғындарды дүрлікпеуге, алайда коронавирустың жұғу жылдамдығын дұрыс бағалауға шақырды. Мемлекеттік органдар жағдайды бақылауды күшейтіп, тұрғындарды жаңа мәліметтермен хабарландырып отырады.

Айдың ортасына жақын белгілі болғандай, арты өлімге әкуеп соғатын вирустың таралуына жаңа коронавиурс себепші болған.

Кейінірек осы вирусты жұқтырудың бірнеше әдісі анықталды, сондай-ақ инфекцияның себебі анықталды: аурудың жабайы жануарлармен байланысты екендігі расталды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан 80 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838143-kauipti-koronavirus-tailand-sri-lanka-zne-germaniaga-zetti/