jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қытайда марқұмдармен қоштасу және неке қию рәсімі уақытша тоқталды

: Facebook

Қытай астанасында коронавирустың салдарынан марқұмдармен қоштасу және неке қию рәсімі уақытша тоқтатылды деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

РИА новостиге сілтеме жасап.

Қытайда екінші ақпанға жоспарланған неке қию рәсімдері кейінге шегерілді
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бейжің билігі ел аумағында таралған қауіпті вирустың салдарынан "2.02.2020" танымал датасына жоспарланған неке қию және марқұмдармен қоштасу рәсімдерін кейінге қалдырған.

Қоштасу рәсімі туралы шешімді Бейжіңнің Азаматтық әкімшілік басқармасының басшысы Ли Ваньцзюн баспасөз конференциясында хабарлаған.

"Қазір Бейжіңде 12 жерлеу бюросы бар, олар қоштасу рәсімін өткізуді тоқтатты. Алдын-ала жазылған жазбаларға сәйкес, әр қоштасу шарасына бірнеше ондаған адам, тіпті, жүзден көп адам жиналады", - деді Ли Ваньцзюн.

Оның айтуынша, мұндай жиындардың салдарынан вирус өршіп кетуі мүмкін.

Сондай-ақ көптеген бейжіңдік ғашықтар да жоспарларынан бас тартпақ. 2020 жылдың 2 ақпаны неке тіркеу үшін Қытайда өте сұранысқа ие күн. Өйткені, бұл сандарды байланыстырғанда Қытай тілінде "мен сені сүйемін, сені сүйемін" деген тіркес шығады.

"Қалалық үкіметтің мақұлдауымен, қаладағы неке тіркейтін барлық органдар 2.02.2020 жылға жоспарланған неке қиюды болдырмайды", - делінген әкімшілік сайтындағы қала билігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, Қытайдағы қауіпті коронавирустан қаза тапқандар саны 170 адамға жеткен еді. Соңғы тәулікте аталған вирустан 37 адамның көз жұмып, тағы 1032 науқаста коронавирустық инфекция расталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қытайда марқұмдармен қоштасу және неке қию рәсімі уақытша тоқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.