Қазақстан апта соңына дейін өз азаматтарын Қытайдан алып шығады
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытай аумағындағы Қазақстан азаматтарының қашан елге әкелінетінін, яғни нақты күнін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство басшысының сөзінше, ДДСҰ қытайлық вирусқа байланысты төтенше жағдай жариялаған. Ал көрші елде әлі де болса Қазақстан азаматтары бар.
Оларды елден арнайы рейсті ұшақтардың көмегімен шығарады. Өйткені екі ел арасындағы темір жол және әуе қатынасы уақытша тоқтатылған.
Біртановтың айтуынша, адамдар апта соңына дейін Қытай аумағынан шығарылып болады.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Уханьнан келген студенттердің екі аптаға оқшауланатынын айтқан.
Қазіргі уақытта Қытай тарапымен 61 адамды эвакуациялау туралы келісім жасалған. Олардың бәрі Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер.
Сондай-ақ, вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қытайдан эвакуацияланған Қазақстан азаматы өздерімен вирус әкелмеуі және оны отандастарына жұқтырмауы үшін үкімет қандай шаралар қолданатынын айтып берген.
Вице-премьер қазақстандықтарды сабырға шақырып, көрші елден келгендердің карантинде болатынын айтты. Оларға келген соң екі апта сол жерде болатын жеке медициналық мекеме дайындалған.
Сапарбаевтың айтуынша, студенттерді ақ халаттылар бақылауға алады. Егер екі апта ішінде ешқандай ауру белгілері байқалмаса, онда олар тиісті анализ тапсырған соң шығарылады.
Егер ауру белгілері анықталса, онда емдеу мекемесінде сауыққанша қалады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838884-kazakstan-apta-soyna-dejin-z-azamattaryn-kytajdan-alyp-sygady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.