Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Минскіде қазақ жігітін қытайлық деп ойлаған таксист оны көлігіне мінгізбей қойған

Опубликовано:

Белоруссияның астанасы Минск қаласында қазақстандық ер адамның қатысуымен қызықты жағдай орын алды. Нұрсұлтан есімді жас жігітті жергілікті таксист Қытай азаматы деп ойлап, көлігіне отырғызбай қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Onliner басылымына сілтеме жасап.

Фото: Нұрсұлтанның жеке мұрағаты
Фото: Нұрсұлтанның жеке мұрағаты: Instagram
"Кеше таңғы алтыда такси шақырдым. Қара түсті Volkswagen Polo келді. Мен көліктің артқы есігін тартып едім, ашылмады. Алдыңғысына барғанда да осы оқиға қайталанды. Жүргізуші маған қарап, басын шайқады да, бір ауыз сөз айтпай кетіп қалды", - деді Нұрсұлтан.

Жас жігіт сол арада таксистке қоңырау шалып, мән-жайды білуге ұмтылған.

"Жүргізуші тұтқаны көтерген жоқ, бірақ маған жауап ретінде SMS жазып жіберіпті. Ол мені қытайлық деп ойлап, 3 рубльге бола тәуекелге баруды жөн көрмегенін жеткізді. Коронавирустан қорыққан болуы мүмкін", - деді қазақстандық азамат.
Фото: Нұрсұлтанның жеке мұрағаты
Фото: Нұрсұлтанның жеке мұрағаты: Instagram

Осыдан кейін Нұрсұлтан басқа көлікті шақырып, діттеген жеріне жеткен.

" Оған (ред. такси жүргізушісіне) не болғанын айтып беріп, бірге күлдік. Менің ойымша, ол коронавирустан қорықты. Бірақ іс жүзінде нәсілшілдік (хаттан көруге болады) танытты", - дейді жас жігіт.

Кейінірек белгілі такси компаниясы Қазақстан азамтынан кешірім сұраған.

Фото: Нұрсұлтанның жеке мұрағаты
Фото: Нұрсұлтанның жеке мұрағаты: Instagram

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, ҚХР аумағында таралаған жаңа коронавирустан көз жұмғандардың саны мыңнан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1840473-kazak-zigitin-kytajlyk-dep-ojlagan-belorussialyk-takist-ony-kligine-mingizbej-kojgan/

pixel