Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі ахуалын баяндап берді

Опубликовано:

Қазақстандық Алдияр Жұмажанов Фудзиен қытайлық провинциясындағы Сямынь қаласында тұрып жатыр. Отандасымыздың сөзінше, коронавирус эпидемиясы аспан асты елінде төмендеп келеді. Себебі жерлігікті билік өкілдері мен медициналық қызметкерлері инфекциямен сауатты түрде күресуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі халін баяндап берді
Фото: Алдияр Жұмажановтың жеке мұрағаты: UGC

Жаңа типті коронавирус күллі Қытайды, соның ішінде отандасымыз Алдияр тұратын қаланы да жаулай бастаған.

Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі халін баяндап берді
Фото: Алдияр Жұмажановтың жеке мұрағаты: UGC
"Мен халықаралық мобильді-ойын компаниясында құрастырушы болып қызмет етемін, сондай-ақ, мәскеулік филиалдың бас директорымын.

Яғни, менің жұмысым үнемі әлем бойынша ұшып жүруді қажет етеді, алайда қазір ол туралы ұмыта тұруға тура келеді.

Жылдың басында жағдай қазіргіге қарағанда әлдеқайда қиын еді. Карантин жүйесі жұмыс істеуде, алайда қазір жағдай жақсы. Екі апта бұрын жұмыс кеңсемізге қайта оралдық. БАҚ қаламызда науқастардың емделіп шыққанын хабарлады", - деді Алдияр.
Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі халін баяндап берді
Фото: Алдияр Жұмажановтың жеке мұрағаты: UGC

Оның айтуынша, қаладағы өмір өз орнына қайта келгенімен әлі де қауіпсіздік шаралары қатаң ұсталып жатыр екен.

"Далаға маска мен санитайзерсіз шығуға болмайды. Ірі сауда орталықтары мен дәмханаларға кірген кезде дене қызуын тексереді және аптасына бірнеше рет қаланы залалсыздандырады.
Тауарлар мен маскалар тапшылығы жоқ. Супермаркеттен қалағаныңның бәрін табуға болады", - деді отандасымыз.
Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі халін баяндап берді
Фото: Алдияр Жұмажановтың жеке мұрағаты: UGC

Сондай-ақ, барлық компаниялар вирус жұқтырудың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын жасап жатқан көрінеді.

"Кеңсеміз бен жалпы бүкіл ғимарат екі рет арнайы дезинфектормен залалсызданады. Сондай-ақ қызметкерлер сауалнама толтырып, өзінің денсаулық жағдайы туралы есеп береді.

Карантин уақытында қызметкерлерге таңғы ас, түскі ас және кешкі ас беріледі. Сондай-ақ ұйым бір адамды айына 100 маскамен қамтамасыз етіп отыр.

Санитайзердің екі бөтелкесі мен ауру жұқтырған жағдайда қайда хабарласып, не істеу керек екенін түсіндіретін брошюра беріледі", - деді жігіт.
Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі халін баяндап берді
Фото: Алдияр Жұмажановтың жеке мұрағаты: UGC

Алдияр Қазақстан үкіметінің онымен байланысып, елге қайтуға ұсыныс жасағанын айтты. Алайда ол өзін қауіпсіз сезінгендіктен бас тартыпты.

Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі халін баяндап берді
Фото: Алдияр Жұмажановтың жеке мұрағаты: UGC

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған арнайы үш аурухана әзірленді.

Коронавирус пандемиясы: Қазақстандық жігіт Қытайдың қазіргі халін баяндап берді
Фото: Алдияр Жұмажановтың жеке мұрағаты: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1845187-koronavirus-pandemiasy-kazakstandyk-zigit-kytajdy-kazirgi-ahualyn-baandap-berdi/

pixel