Қытайдың шығысында су тасқынының салдарынан 600 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Көршілес елдің шығыс аймағында орын алған су тасқыны салдарынан Қытайдағы Цзянси қаласының 589 мың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апаттың салдарымен күресуге 25 мыңға жуық полиция мен әскери қызметкерлер жұмылдырылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Global Times-тың хабарлауынша, апат 10 қалаға өз зардабын тигізген. Шығын 1,6 миллиард долларға бағаланды. Су тасқынынан 6 миллион жергілікті тұрғын зардап шеккен. 589 мың адамды эвакуациялауға тура келді.
Су тасқыны 654 үйді толығымен қиратып, 1 255 үй бүлінген. Ауылшаруашылық алқаптарына үлкен залал келгені хабарланды. Ауылшаруашылығына арналған 575 мың гектар жер бүлінген.
Әскерилер мен полиция күштері апаттың салдарымен күресуге жіберілді. Олар бөгеттерді жөндеп, нығайтты. Синоптиктер Цзянси қаласында жаңбыр жауады деп болжап отыр, сондықтан аймақта тағы бір су тасқынына дайындық жүріп жатыр. Халық эвакуацияланып, бөгеттерде жұмыс жұмыс жүріп жатыр. Жергілікті сарапшылардың пікірінше, Поянху көлінің ауданы соңғы 10 жылдағы ең жоғарғы деңгейге жеткен.
Станциялар 1998 жылғы жойқын су тасқынынан гөрі көп су көлемін анықтап отыр.
Көл Қытайдағы суы тұщы екінші орындағы еі ірі көл болып саналады. Жыл мезгіліне байланысты су қоймасының ауданы өзгеріп отырады.
Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі "Қытайдан коронавирус инфекциясы бар бетперлердің әкелінгені жайлы" whatsapp мессенджерінде тараған хабарламаға пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1864919-kytajdy-sygysynda-su-taskynyny-saldarynan-600-myga-zuyk-adam-evakuacialandy/