Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Беларуське 1,5 млрд доллар кредит береді: Путин мәлімдеме жасады

Опубликовано:

путин мен лукашенко
Фото: www.kommersant.ru

Ресей жақын уақытта Беларуське мемлекеттік кредит беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуінде мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Ресей президенті Мәскеу Минскіге 1,5 миллиард доллар көлемінде кредит беретінін, қазір қаржы министрлері жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

"Ресей жақын арада Беларуське беруді жоспарлап отырған кредитті кездейсоқ еске салып отырған жоқпын, бұл қаржы нарығында да көрініс табады деп сенемін", - деді Путин келіссөздер кезінде.

Ресей президенті сонымен қатар Ресей мен Беларусь аумағында жыл ішінде әскери іс-шаралар өткізу қарастырылғанын мәлімдеді.

"Александр Григорьевич, әскерге қатысты дұрыс айтып отырыз, бізде жоспар бар, ол жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде Беларусь аумағында да, Ресей аумағында да ай сайын іс-шаралар өткіземіз. Бұрын қалай жоспарланса, солай болады", - деді Путин кездесуде.

Сондай-ақ, ресейлік көшбасшы мәлімдегендей, қос мемлекет көптеген салада өте терең ынтымақтастық орнатқан, сондықтан олар пандемияға байланысты төмендеген сауда айналымын қалпына келтіруі керек.

"Айтпақшы, коронавирус біздің тауар айналымымызға әсер етті, өкінішке қарай, бүкіл әлемде солай болып жатыр, сауда айналымының деңгейі төмендеді. Бірақ осыған байланысты, біз бұрынғы дағдарысқа дейінгі сауда айналымы мен экономикалық қатынастардың деңгейін қалпына келтіріп қана қоймай, алға жылжудың алғышарттарын жасау үшін қосымша күш салуымыз керек деп санаймын", - деді Путин.

Ол келіссөздер барысында осыған назар аударуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін Сочиге барғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1874267-resej-belaruske-15-mlrd-dollar-kredit-beredi-putin-mlimdeme-zasady/

pixel