Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда «760greenkm» эко-марафоны басталды

Опубликовано:

Спортсмены
Фото: AsiaWaters

18 күннің ішінде 760 шақырымды және 18 қаланы жүгіріп өту. Қазақстан тарихында алғаш рет жүгіруден «760greenkm» экомарафондар сериясы басталды. Айрықша марафонның ұйымдастырушысы әрі қатысушысы – алыс қашықтықта жүгіруден бірнеше жылдық тәжірибесі бар үш әуесқой спортшы.

«760greenkm» – бұл жай ғана спорттық шара ғана емес. Бұл – «жасыл шақырымдар» эко-бастамасы. Оның мәні – кез келген қалада өмір сүріп, қалада жаттыға алатын адам табиғатпен де әдемі үйлесе алатынын көрсету. Яғни, адам баласының айрықша қабілетін айқындай түсу. Ал бұл жүгіру шарасының бастамашылары Дмитрий Ким, Галым Чуашев және Айдын Садибеков әр қалада 42 шақырымды жүгіріп өтіп қана қоймай, жол жөнекей тал егіп кететін болады. Сонымен бірге, 760greenkm марафоны – Қазақстан аумағын алғаш рет қоршаған ортаны ластамайтын экологиялық таза көлікпен жүріп өтуге жасалған талпыныс.

Біздің негізгі міндет – табиғатты сақтап, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау арқылы адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Біз Қазақстан аумағы бойынша жалпы ұзындығы 760 шақырымдық жол жүруді, барлығы 18 қаланы 18 күннің ішінде жүгіріп өтіп, күніне 42 шақырымды еңсеруді көздеп отырмыз. Ал марафон кезінде біз болашақ ұрпаққа аманат ретінде артымызда «жасыл із» қалдыру мақсатында 760 ағаш екпекпіз», -дейді триатлет, «760greenkm» ЭКО-марафонының қатысушысы Дмитрий Ким.
Фото
Фото: AsiaWaters

ДСҰ кез келген адам, оның спортпен айналысатыны-айналыспайтынына қарамастан, тәулігіне 0,4 -0,7л табиғи су тұтынуы керек деген кеңес айтады. Ал кәсіби спортшылар үшін бұл норма адамның әр 1 кг салмағына 45 мл және одан да көп мөлшерге дейін артуы мүмкін.

Аталған марафон – спортшылардың физикалық мүмкіндіктерінің шегін білдіретін өте маңызды сынақ. Дәл осы себептен, олар TURAN табиғи ауыз суын таңдайды. TURAN суының бірегейлігі оның шыққан жеріне байланысты. Ол ежелгі мұздықтардың еруінен пайда болған, бүгінгі күні біз оны табиғи бүлінбеген түрінде, мың жыл бұрын пайда болған қалпында пайдаланып отырмыз. Оның құрамындағы дейтерийдің өте аз мөлшерде болуы (ауыр сутек молекулалары) жеңіл сіңірілетін су жасуша деңгейінде адам ағзасындағы метаболизмді жеделдетуге қауқарлы. Бұл минералды заттар мен тұздардың жақсы сіңірілуіне әсер етіп, әр жүгіруден кейін марафоншылардың ағзасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Turan
Фото: AsiaWaters

Марафон қатысушысы әрі оның идеялық дем берушісі Ғалым Чуашев:

«Мұндай ЭКО-марафонды өткізу идеясы биыл Барселонада өтетін IronMan триатлон бойынша ірі әлемдік жарысқа бірлескен дайындық кезінде туындады. Бұған дейін де қоғам үшін пайдалы, тарихта қалатындай бір дүние жасағымыз келіп жүретін. Осылайша, осы спорттық қызығушылығымыз арқылы Қазақстандағы экология мәселесіне қоғамның назарын аудару туралы ой келді. Біз бұған физикалық тұрғыда дайын болғандықтан, аз уақыттың ішінде біздің қайырымдылық бағытындағы ЭКО- жүгіру шарасына дайындала алдық. Біздің идеяны қолдаған жандарға алғымыз зор».

Марафон кеше Талдықорған қаласында басталып, 7 қазан күні Алматы қаласында аяқталмақ.

Марафоншылардың жүгіру кестесі:

20.09. Талдықорған

21.09. Өскемен

22.09. Семей

23.09. Павлодар

24.09.Қарағанды

25.09. Нұр-Сұлтан

26.09. Көкшетау

27.09. Петропавл

28.09. Қостанай

29.09. Ақтөбе

30.09. Орал

01.10. Ақтау

02.10. Атырау

03.10. Түркістан

04.10. Қызылорда

05.10. Шымкент

06.10. Тараз

07.10. Алматы

Марафонға қолдау көрсеткендер: «КазМебельГрупп» жиһаз фабрикасы, Tommat көкөністер және жемістер дүкені, Invictus және Runlab.kz фитнес-клубтар желісі, Жобаның әлеуметтік желілердегі ресми хештегтері: #760greenkm, #turanwatergreenkm

Әр қаладағы жүгіру кестесіне бойынша толық ақпаратпен марафонның Инстаграммдағы ресми парақшасында он-лайн режимінде таныса аласыздар: @760greenkm

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1875440-kazakstanda-760greenkm-eko-marafony-bastaldy/

pixel