jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Беларусь шекаралары кенеттен жабылып қалды

Беларусь шекарасы
Фото: auto.onliner.by

Беларусь елінің шекаралары кенеттен жабылды. Бұл туралы азаматтар шекара бекетінен өтпек болғанда ғана біліпті. Шетел азаматтары елге кіре алмайды деп хабарлайды Sputnik Беларусь.

Шекараға келушілердің кіруіне тыйым салынғандығы туралы алғашқы ақпарат 29 қазанда түстен кейін пайда болды. Қиындықтар Украина, Литва және Польшамен шекарада орын алған.

Беларуське көршілес ел азаматтарының жекелеген санаттарының кіруіне шектеу қойылды, деп хабарлады Беларусьтің мемлекеттік шекара комитетінің баспасөз қызметі.

"Көршілес елдердегі қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты Беларусь Республикасы Латвия, Литва, Польша және Украинадан келген жекелеген санаттағы адамдар үшін жердегі бақылау-өткізу пункттері арқылы оның аумағына кіруді уақытша шектейді", – делінген мемлекеттік шекара комитетінің хабарламасында.

Бірақ бұл ережелер әуе қатынасына әсер етпейді. Алайда, кіруге тыйым салу барлығына қатысты емес. Шектеу дипломаттарға, жүк тасымалдаушыларға, халықаралық теміржол байланысының пойыз және локомотив бригадаларының жұмысшыларына қолданылмайды.

Сондай-ақ, бұл тыйымның Ресеймен шекарасына қатысы жоқ.

Onliner-дің жазуынша, кезекші бақылау-өткізу пунктінің қызметкері шекараның жабылуы үлкен тосынсый болды дейді. Оның қай партияның бастамасы екені белгісіз. Шекара қызметі шетелге кетіп бара жатқан адамдарға қайта кіре алмайтындарын ескерте бастады.

Шекарадан хат-хабар
Скриншот: auto.onliner.by

Шекарада тұрып қалғандардың арасында 2020 жылғы президенттікке үміткер Сергей Черечень де болды.

"Олар шекарада әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ – олар COVID-19-қа байланысты беларусь азаматтарын Беларусь Республикасының аумағына өтуін тоқтату туралы бұйрық түскенін айтады", – деді Киевтен келе жатқан Черечень.

Бір күн бұрын Александр Лукашенко Брест облысында, Гродно облысында және Минск бойынша жаңа көмекшілерін тағайындаған болатын.

Оның айтуынша, Беларусь шекарасы да жаңа көмекшілердің жауапкершілігінде болады. Сондықтан не істелгенін тексеру қажет.

"Шекараны жабу дегеніміз – оны "темір шымылдық" ету емес, бұл ешкімге қажет емес. Шекара – бұл халықтар достығының аймағы. Көрдіңіз бе, бізге қарсы шықты. Мұнда қандай достық... Бірақ халықтар бұған кінәлі емес", – деді Александр Лукашенко.

Еске салсақ, биыл Беларусьте өткен президент сайлауына түсіп, екінші орын алған саясаткер Светлана Тихановская елдің қазіргі басшысы Александр Лукашенкоға ультиматут қойып, оған 13 күн уақыт берген болатын.

Оған қоса, өткен жексенбіде, 25 қазанда Беларусь астанасында рұқсат етілмеген митингтер өтіп, нәтижесінде шамамен 120 адам ұсталған еді.

Беларусь шекаралары кенеттен жабылып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.