Үйлер мен көліктер қар астында: Ресей қалаларының біріне қалың қар түсті
Жарияланған күні:
Ресейдің ең суық қалаларының бірі Норильскіде екі айлық қар мөлшері 5 күнде жауды. Салдарынан адамдар көліктерін қар астынан таба алмай әлек болуда деп жазады 4tololo.ru.
Ресейдің солтүстігіндегі Норильск қаласының тұрғындары қалың қарға еті үйренгендерін айтады. Себебі, Норильск - әлемдегі ең суық қалалардың бірі.
Мұнда қыс ұзақ және суық, қаңтардың орташа температурасы -44 ° C шамасында.
Айтпақшы, Норильск - әлемдегі ең желді бес елдімекеннің бірі.
Десе де Норильск тұрғындары бұған үйреніп қалған, ал биылғы жылы қалада 5 күнде екі айлық қар мөлшері түскенде, олар айтарлықтай таң қалмаған сияқты.
Красноярск гидрометеорологиялық орталығының мәліметтері бойынша, жергілікті тұрғындар секундына 22-27 метрге дейін жететін мұзды желдің екпініне төтеп беруде.
Олар Instagram парақшаларында қарлы қыстың суреттерін жүктей бастады.
Адамдар қалың қардың астынан көліктерін қазып алуда. Қала билігі дауылды ескерту жариялаған, мектептерде сабақ тоқтатылды, қар тазалайтын техникалар тоқтаусыз жұмыс істеуде.
Көлік иелері "темір тұлпарларын" қалың қардан қазып шығарып қана қоймай, оларға жол ашумен әлекке түсіп жүр.
Еске салсақ, бұған дейін қыстың алғашқы айында елімізде ауа райы қандай болатынын жазған едік.
Одан бөлек, танымал "Орел и решка" бағдарламасының жүргізушісі Қазақстанның табиғатына таңдай қаққанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1887565-jler-men-klikter-kar-astynda-kaldy-resej-kalalaryny-birine-kaly-kar-tsti/