jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Қытай халқы жылдам қартайып барады

Қытай көшесіндегі халық
Көрнекі фото: gettyimages.com/Rich Legg

Қытай тұрғындарының бестен бірі – 60 жастан асқан кісілер. Мұны жетінші жалпыұлттық санақ мәліметтері көрсетті. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда бұл ел тез қартайып келеді деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы зерттеу орталығының мәліметінше, осы үрдіс сақталса, елдің негізгі зейнетақы қоры 15 жылдан кейін таусылатын түрі бар. Соңғы 10 жылда Қытайда бала туу жасындағы әйелдер мен дүниеге келген сәбилер саны азайған.

Қытай қоғамы қартайып барады. Халық санағы ел тұрғындарының 19% егде жасқа келгенін көрсетті. Соңғы 10 жылда 60 жастан асқан кісілердің саны 5 процентке артты, ал 18 бен 59 жас аралығындағы адамдардың саны 7 процентке азайған. Сарапшылардың болжамынша, бұл ең алдымен зейнетақы жүйесіне әсер етеді. Он бес жылдан кейін елдің негізгі зейнетақы қоры кеми бастайды, ал 2050 жылы оның дефициті 11 триллион юаньнен асады.

"Халықтың қартаюы салдарынан жұмысқа жарамды адамдар саны азаяды, отбасылардың егде жастағы адамдарды күтуге кететін шығыны мен уақыты артады және негізгі мемлекеттік қызметтер жүйесіне қосымша қысым жасайды. Өзге жағынан бұл құбылыс "күміс экономиканың дамуына", қарияларға арналған тауарлар мен қызметтердің көбеюіне және технологиялық прогресті ілгерілетуге түрткі болды", – дейді ҚХР мемлекеттік статистикалық басқармасының жетекшісі Нин Цзичжэ.

Алайда күміс экономиканы өрлетуге зейнеткерлердің қаражаты жетер ме? Өйткені негізгі зейнетақы мөлшері жоғары емес, әсіресе ауылдарда. Сонымен қатар Қытайда жыл сайын балалар саны азайып келеді. Бала туудың орташа коэффициенті – 1,3. Ал халық санын бір қалыпта ұстау үшін ол 2,1-ден төмен болмауы керек. Бала табу жасындағы әйелдер саны да азайған.

"Бұл – күрделі мәселе. Бір бөлігін өзгертсе де, бұл жалпы проблеманы шешпейді. Бала дүниеге келгеннен бері өзі отау құрғанша, оған экономикалық және психологиялық қысым жасалады", – дейді ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының сарапшысы Ван Гуанчжоу.

Халықтың қартаюы экономикалық өсімді бәсеңдетеді. Мәселен, болжам бойынша, Жапонияда бұл үрдіс алдағы 40 жылда жалпы ішкі өнімнің 40 процентке қысқаруына әкелуі мүмкін. Ал Қытай өзге елдерден гөрі тез қартайып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл тұрғыда кешенді шаралар қабылдау қажет. Тек егде жастағыларға емес, жұмыс істейтін адамдар мен жас отбасыларға да қолдау көрсету керек.

Қытай халқы жылдам қартайып барады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.