Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей әскерлері Чернобыль АЭС аймағындағы аумақты басқылауға алғандарын хабарлады

Опубликовано:

Припять қаласы
Фото: Pexels

Бейсенбі күні Ресей әскерлері Чернобыль АЭС аймағындағы аумақты бақылауға алды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенковтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Кеше, 24 ақпанда Ресейдің әуе-десанттық әскерлерінің бөлімшелері Чернобыль АЭС аймағындағы аумақты толық бақылауға алды", - деді Конашенков.

Ол АЭС ауданындағы радиоактивті фонның көрсеткіштері қалыпты екенін айтты. Электр станциясының қызметкерлері жұмысын штаттық режимде жалғастыруда.

"Ресейлік десантшылар мен АЭС күзет батальонының украиналық әскери қызметшілерінің станцияны қорғау жөніндегі бірлескен әрекеттері ұлтшыл құрылымдар немесе басқа террористік ұйымдар елдегі ядролық арандатушылықты ұйымдастыру үшін жағдайды пайдалана алмайтындығының кепілі болып табылады",- деді Конашенков.

Сонымен бірге, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭЖХА) ресми сайтында Украинадағы жағдайды мұқият қадағалап отырғанын хабарлады.

Агенттіктің Бас директоры Рафаэль Мариано Гроссиге Украина тарапы Чернобыль АЭС-ін "белгісіз ӘК" бақылауына алғанын хабарлаған. Зардап шеккен адамдар мен залал келген ғимараттар жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскері Чернобыль атом электр станциясын басып алуға тырысып жатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958000-resei-askerleri-cernobyl-aes-aimagynda-aumaqtyn-basyp-alynganyn-xabarlady/

pixel