Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Coca-Cola, Pepsi және Starbucks та Ресейде қызметін тоқтатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Кока кола
Көрнекі фото: Pexels

Әлемдегі үш ірі компания - Coca-Cola, Pepsi және Starbucks Ресей аумағында қызметін тоқтатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Coca-Cola компаниясы ресми сайтында Украинадағы әскери жағдайға байланысты Ресейдегі жұмысын тоқтатқаны туралы мәлімдеме жариялаған.

"Біздің жүрегіміз Украинадағы қайғылы оқиғалардың зардабын тартып отырған адамдармен бірге", - делінген хабарламада.

PepsiCo компаниясы да Ресей Федерациясы аумағында жарнамалық қызметін және бренд сусындарын сатуды тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Сонымен қатар, Starbucks компаниясы да Ресейдегі жұмысын тоқтатып, өзінің жүздеген кофеханасын жабуға шешім қабылдаған.

Басылымның жазуынша, Amazon.com өкілдері де Ресей мен Украинада көрсететін қызметтері үшін жаңа тұтынушыларды қабылдауды тоқтататынын хабарлаған.

Одан бөлек, Universal Music те Ресейдегі қызметін тоқтатқан. Ал Bumble Inc онлайн танысуға арналған сервисі Ресей мен Беларусьте өз қосымшаларын өшірген.

Айта кетейік, бұған дейін McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі Ресейдегі 850 мейрамханасын және Украинадағы 100 мейрамханасын уақытша жабатынын хабарлаған еді.

Компанияның бас директоры Крис Кемпчинскидің сөзінше, мейрамханалар желісінің жабылатынына қарамастан, компания екі елдегі өз қызметкерлеріне жалақы төлей береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959775-coca-cola-pepsi-zane-starbucks-ta-reseide-qyzmetin-toqtatatynyn-malimdedi/

pixel