jitsu gif

Әйгілі McDonald’s Ресейдегі 850 мейрамханасын уақытша жабатынын мәлімдеді

Мейрамханалар желісі
Көрнекі фото: pexels.com

McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі Ресейдегі 850 мейрамханасын уақытша жабады. Бұл туралы компанияның бас директоры Крис Кемпчинскидің қызметкерлеріне жолдаған ашық хатына сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, хатта мейрамханалардың жабылатынына қарамастан, компания өз қызметкерлеріне жалақы төлей беретіні жазылған. Ресейдегі мейрамханалар желісінде 62 мың адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар, McDonald’s Украинадағы 100 мейрамханасын да жаппақ. Бұл елдегі қызметкерлерге де жалақы төленетін болады.

Кемпчинскидің мәлімдеуінше, компания Украинадағы адамдардың қайғы-қасіретіне бейжай қарап отыра алмайды.

Сондай-ақ, ол қазір компанияның Ресейдегі жұмысы қашан қайта жанданатынын болжау қиын екенін атап өтті. Оның сөзінше, енгізілген санкциялар салдарынан McDonald’s азық-түлік жеткізуде қиындықтарға тап болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Kinopark & Kinoplexx компаниясының басшысы Алмас Малдыбаевтың үндеуі тараған еді. Онда Малдыбаев елімізде Kinopark & Kinoplexx кинотетарлар желісі бірінші сәуірден бастап уақытша жабылатынын жеткізген.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Кейінірек, аталған ақпаратқа қатысты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы пікір білдірді.

Мекеме жақын арада Мәдениет және спорт министрлігінде кинопрокат пен киножелілердің жетекші ұйымдарының басшыларымен кездесу өтетінін, онда Қазақстанның кинотеатралдық желісінің жұмысын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қаралатынын хабарлады.

Әйгілі McDonald’s Ресейдегі 850 мейрамханасын уақытша жабатынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.