jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Еңлік Арықбай
Еңлік Арықбай
Бұрынғы қызметкер

Ұлыбритания үкіметі Украинадан келген босқындарды паналатқан тұрғындарға 350 фунт төлемек

Ұлыбритания Украина босқындарын қабылдайды
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбритания үкіметі Украинадан келген босқындарды паналатқан жергілікті тұрғындарға, ұйымдар мен қауымдастықтарға айына 350 фунт (шамамен 241 795 теңге) төлемек. Бұл туралы ақпарат британдық министрлер кабинетінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.

Босқындарды қабылдаудың жаңа жобасына сәйкес, енді туыстары Ұлыбританияда тұратын украиналықтар ғана емес, Украинаның барлық азаматтарына елге кіруге мүмкіндігі бар.

Ал демеушілер ретінде тіркелген жеке тұлғалар, қайырымдылық ұйымдары және қауымдастықтар украиналық азаматтарға баспаналарын тікелей ұсына алады немесе олар үшін жеке баспана жалдай алады.

Демеушілер босқындарды кем дегенде алты айға қабылдауға міндеттеледі.

14 наурызда украиналық босқындарды үйіне тұрғызғысы келетіндер үшін ресми сайт ашылады деп жоспарлануда.

Жаңа ереже бойынша елге кіре алатын украиналықтар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі мен елде үш жыл тұру құқығына ие болады.

Айта кетейік, 10 наурызда Ұлыбританияның ішкі істер министрі Прити Пател корольдік Украинадан келген босқындар үшін елге кіру процесін жеңілдететінін хабарлаған еді. Яғни олар жеңілдетілген тәртіппен виза ала алады.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Министрдің айтуынша, украиналықтар үшін визаны онлайн режимде толығымен қашықтан рәсімдеу қарастырылған. Ал олардың биометриялық деректері елге кіргеннен кейін жиналады. Бұл ретте босқындарға стандартты кіру визасын ресімдеу үшін мемлекет аумағында туыстары болуы қажет.

Британдық биліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта бір мыңға жуық украиналықтың Ұлыбританияға кіруіне рұқсат берілген. Дегенмен, қазіргі уақыттың өзінде 20 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Ұлыбритания үкіметі Украинадан келген босқындарды паналатқан тұрғындарға 350 фунт төлемек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.