Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барак Обама Ақ үйге келді (видео)

Опубликовано:

Барак Обама
Барак Обама. Фото: Michael M. Santiago/Getty Images

Бес жылда алғаш рет Ақ үйге келген Барак Обама көптің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды golosameriki.com.

Америка Құрама штаттарының бұрынғы президенті Барак Обама 2017 жылдан бері алғаш рет Ақ үйге келген.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сенсек, Барак Обама денсаулық сақтау саласындағы Obamacare деп аталатын реформаның авторы ретінде Ақ үйдегі іс-шараға шақырылған.

Видеодан Джо Байденнің іс-шара кезінде бірнеше рет көпшілік назарынан тыс қалып қойғанын, ал Обаманы жұрт қаумалап алғанын байқауға болады.

Ыңғайсыз жағдайда қалған Байденнің видеосы желіде үш миллионнан астам қаралым жинап үлгерді.

Айта кетейік, Барак Обама АҚШ-тың 44-президенті. Ол бұл қызметті 2009 жылдан 2017 жылға дейін атқарды. Оған дейін экс-президент Иллинойс штатынан АҚШ конгресінің сенаторы болған.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының ортасында Барак Обаманың коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1963744-barak-obama-aq-uige-keldi/

pixel