Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтс коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Билл Гейтс
Билл Гейтс. Фото: Thierry Monasse/Contributor/Getty Images

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Менде COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Вирустың жеңіл белгілері байқалып жатыр. Сарапшылардың кеңесімен сауығып кеткенше оқшауландым", - деп жазды Билл Гейтс.

Осы орайда миллиардер коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның толық компонентін салдырғанын еске салды.

Сонымен қатар Билл Гейтс өзінің Gates Foundation қоры дүниежүзі пандемияға тағы да тап болмас үшін барын салатынын және жұмысты әрі қарай жалғастыра беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталады деп болжаған еді.

Дегенмен ол халықты бетперде тағуға, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1968686-bill-geits-koronavirus-zuqtyrganyn-malimdedi/

pixel