jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Әскери қақтығыс басталғалы бері Украинадан 6 миллионнан астам адам кеткен

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының сайтындағы деректерге сүйенсек, әскери қақтығыс басталғалы бері Украинадан алты миллионнан астам адам кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сайттың мәліметінше, Украинадан босып кеткен азаматтардың басым көпшілігі, яғни 3,2 млн адам Польшаға барған. Тағы 895,8 мыңы Румынияға, 785 мыңы Ресейге кеткен.

Сондай-ақ қазір 583 мың Украина азаматы Венгрияда болса, 459,5 мыңы Молдаваға барған.

Одан бөлек Словакияға 409,5 мың, Беларуське 27 мың босқын кеткен.

Айта кетейік, сәуір айының соңындағы дерек бойынша соғыс басталғалы бері Украинадан кеткен азаматтар саны 5 миллионға жеткен еді. Сонымен қатар БҰҰ сәуірдің ортасынан бастап күн сайын ондаған мың украиналықтың отанына орала бастағанын хабарлаған болатын.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
Әскери қақтығыс басталғалы бері Украинадан 6 миллионнан астам адам кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.