jitsu gif

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден Украинаға барды

Елена Зеленская мен Джилл Байден
Елена Зеленская мен Джилл Байден. Фото: SUSAN WALSH / Contributor / Getty Images

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден 8 мамырда Украинаға жоспардан тыс сапармен барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі күтпеген жерден Украинаға келіп, елдің батысындағы Ужгород қаласына барған.

Ал мұның алдында ол Румыния мен Словакияда болған көрінеді.

Ужгород қаласында Джилл Байден Украина президентінің жұбайы Елена Зеленскаямен жеке кездескен.

Әңгіме барысында Джилл Байден Украинаға "Аналар күнінде" келгісі келгенін айтқан. Сондай-ақ ол "украин халқына бұл соғысты тоқтату керектігін, оның қорқынышты екенін және АҚШ халқы Украина халқымен бірге екенін көрсетуді маңызды деп санайтынын" атап өткен.

Байден Украина аумағында екі сағатқа жуық уақыт болып, содан кейін Словакияға оралған.

Одан бөлек дәл сол күні Украинаға жоспардан тыс сапармен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да келгені белгілі болды. Ол Киев облысының Ирпень облысына келген.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Канада басшысын қарсы алған қала мэрі шаһардың инфрақұрылымын қалпына келтіруде Канаданың көмегіне үміт артып отырғанын мәлімдеген.

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден Украинаға барды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.