Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгия маймыл шешегіне байланысты карантин енгізді

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бельгия маймыл шешегін жұқтырған науқастар үшін 21 күндік карантин енгізген алғашқы ел болды. Бұл мемлектете өткен аптада ауру жұқтырған 4 адам тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі La Libre порталына сілтеме жасап.

Маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі 5 күннен 3 аптаға дейін созылады.

Бельгияның Денсаулық сақтау министрі Франк Ванденбруктың хабарлауынша, елде аурудың таралу қаупі төмен.

Ал РИА Новостидің мәліметінше, Аргентинада маймыл шешегін жұқтырған болуы мүмкін алғашқы адам тіркелген. Медициналық мекемеге дене қызуы жоғарылап жүгінген ол жуырда ғана Испаниядан келген екен.

Сонымен қатар Швейцарияда маймыл шешек жұқтырған алғашқы пациент тіркелді. Tages Anzeiger басылымының хабарлауынша, науқас оқшауланған.

Одан бөлек N12 News маймыл шешегінің Израильде де тіркелгенін хабарлады. Вирус жұқтырған адам таяуда Батыс Еуропадан демалыстан келген.

Айта кетсек, бұған дейін вирус жұқтыру дерегі АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Канада, Швеция мен басқа да елдерде тіркелгені хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, әлемде маймылдан адамға шешек жұғуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл түрде жиын өткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1970504-belgiya-maimyl-sesekke-bailanysty-karantin-engizdi/

pixel