Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Starbucks кофеханалар желісі Ресейден біржола кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

starbucks
Көрнекі фото: pixabay.com

Әйгілі Starbucks кофеханалар желісі ресми сайтында Ресей нарығынан толықтай кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"Starbucks Ресей нарығынан біржола кету туралы нақты шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Компания алдағы алты айда Ресейдегі екі мыңға жуық қызметкеріне жалақы төлеп тұратынын және олардың жаңа жұмыс табуына барынша көмектесетінін атап өтті.

Айта кетейік, наурыз айының басында әлемдегі үш ірі компания - Coca-Cola, Pepsi және Starbucks Украинадағы жағдайға байланысты Ресей аумағында қызметін тоқтатқанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1970691-aigili-starbucks-kofexanalar-zelisi-reseiden-birzola-ketetinin-malimdedi/

pixel