Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920-ға жетті

Опубликовано:

Жер сілкінісі1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауғанстандағы қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920-ға жетті, деп хабарлайды РИА Новости Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап.

Қаза тапқандар санының артқаны туралы Табиғи апаттармен күрес министрінің орынбасары Шарафуддин Муслим баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Сонымен қатар ол жер сілкінісі салдарынан 610 адам жарақат алғанын жеткізді.

Айта кетейік, Ауғанстан аумағында 6,1 баллдық жер сілкінісі болғаны туралы ақпаратты АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) хабарлаған еді.

Табиғи апат бүгін, 22 маусымда таңертең жергілікті тұрғындар ұйықтап жатқанда болған.

Садарынан оңтүстік-шығыстағы Пактика провинциясы мен шығыстағы Хост провинциясы қирап қалған.

Осы орайда "Талибан" көшбасшысы (Қазақстанда және бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым) Хайбатулла Ахундзада әлемдік қоғамдастықты Ауғанстанға көмек көрсетуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1975251-auganstandagy-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-920-ga-zetti/

pixel