Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстандағы жер сілкінісі: Бір мыңға жуық азамат қаза тапты

Жарияланған күні:

Ауғанстандағы табиғи апат
Жер сілкінісінен кейінгі жағдай. Фото: Фото: Sardar Shafaq/Anadolu Agency via Getty Images

Ауғанстанда болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны өсіп жатыр. Соңғы дерек бойынша, табиғи апаттан бір мыңға жуық азамат көз жұмған, деп хабарлайды Tolo News.

Басылым мәліметінше, жер сілкінісі мыңға жуық адамның өмірін жалмаған. Сонымен қатар 1500 адамның жарақат алғаны белгілі.

Ауғанстанның табиғи апаттардың салдарын жою министрінің орынбасары Мавлави Шарафуддин Муслим қаза тапқандардың отбасына 100 мың афгани (506 мың теңге) және зардап шеккендерге 50 мың афгани (253 мың теңге) төленетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар ол халықаралық қауымдастықты Ауғанстанда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға шақырды.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілінің орынбасары Рамиз Алекперов табиғи апат тіркелген аймақта кем дегенде екі мың үй қирағанын, әр баспанада орташа есеппен жеті-сегіз адам тұрғанын айтты, деп хабарлайды Al Jazeera.

Бұған дейін Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі 1998 жылы болған, сол кезде 4,5 мың адам қаза тапқан еді. Ал 2002 жылғы табиғи апаттан кем дегенде мың адам көз жұмды.

Айта кетейік, Ауғанстан аумағында 6,1 баллдық жер сілкінісі болғаны туралы ақпаратты АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) хабарлаған еді.

Табиғи апат кеше, 22 маусымда таңертең жергілікті тұрғындар ұйықтап жатқанда болған.

Садарынан оңтүстік-шығыстағы Пактика провинциясы мен шығыстағы Хост провинциясы қирап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1975307-auganstandagy-zer-silkinisi-bir-mynga-zuyq-azamat-qaza-tapty/