Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Францияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы бала тіркелді

Опубликовано:

вирус
Көрнекі фото: pexels.com

Францияда балалар арасында маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Иль-де-Франс аймағы денсаулық сақтау агенттігі хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі rg.ru басылымына сілтеме жасап.

Аймақтық Ile-de-France (ARS) денсаулық сақтау агенттігі науқас дәрігерлердің бақылауында екенін мәлім етті. Мектеп оқушысынан аурудың асқыну белгілері байқалмаған.

Баламен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалау үшін тиісті қызметтер жұмылдырылған. Агенттік оқушы баланың аға-әпкелері де вирус жұқтыруы мүмкін екенін алға тартады.

"Ұлттық білім беру басқармасымен бірлесіп науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың ата-аналарымен байланыс орнатылуда. Агенттік ата-аналарға ауру белгілерінің басталуын (қызба, бөртпе) бақылауды және қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақыруды ұсынады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте жергілікті денсаулық сақтау қызметі аталған инфекцияның таралу қаупі аз екенін, карантин жариялаудың қажеті жоқ екенін атап көрсеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда әлемде таралып жатқан маймыл шешегін жұқтыру жағдайы елімізде тіркелмегенін мәлім еткен болатын.

Десе де бас санитариялық дәрігер шетелге шығуды көздеп отырған қазақстандықтарға аса сақ болу қажеттігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1975776-franciyada-maimyl-sesegin-zuqtyrgan-algasqy-bala-tirkeldi/

pixel