jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

БАҚ: Илон Маск егіздердің әкесі атанды

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Al Drago/Bloomberg via Getty Images

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының иесі Илон Маск пен Neuralink компаниясының (негізін Илон Маск қалаған) операциялық және арнайы жобалар жөніндегі директоры Шивон Зилис 2021 жылдың қарашасында егіздердің ата-анасы атанған. Алайда бұл жайтты олар көпшіліктен жасырын ұстаған, деп жазады Lenta.ru порталы.

Сот құжаттарына сілтеме жасаған Business Insider басылымының жазуынша, кәсіпкердің елге мәлім баласының саны тоғызға жетті. Егіздер кәсіпкер мен канадалық әнші Граймстың екінші сәбиі дүниеге келмей тұрып, екі апта бұрын туған.

Порталдың жазуынша, сәуір айында Маск пен Зилис егіздердің есімін өзгерту туралы, анығын айтқанда, балалардың тегіне әкесі мен анасының атының бір бөлігін қосу үшін өтініш білдірген. Техас судьясы бұл өтінішті қанағаттандырған.

Сондай-ақ сот құжаттарында олар топ-менеджердің өткен тамызда Остиннен (Техас штаты) сатып алған үйінің мекенжайын көрсеткен. Басылым баспана құны төрт миллион доллардан асатынын жазады.

БАҚ: Илон Маск егіздердің әкесі атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.