Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Турист Қырғызстан тауларында мұздықтың опырылуын видеоға түсіріп алды (видео)

Опубликовано:

Қырғызстандағы мұздықтың опырылуы
Скриншот: Instagram / akipress

Британиялық турист Гарри Шиммин Қырғызстан тауларында мұздықтың опырылған сәтінің куәсі болды. Жағдайдың қауіптілігіне қарамастан, ер адам табиғи құбылысты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды AKIpress-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гарри Шиммин Қырғызстан тауларындағы мұздықтың опырылуына қалай куә болғанын және бұл табиғат құбылысын видеоға қалай түсіріп алғанын айтып берді.

Оқыс жағдай өткен жұмада яғни 8 шілдеде Ыстықкөл қазаншұңқырын Ара-Белдің биік таулы қыраттарымен байланыстыратын Джууку асуында болған. Ол кезде асуда шетелдік туристер тобы – 9 Ұлыбритания азаматы және бір АҚШ азаматы, сондай-ақ оларды ертіп жүрген жергілікті тұрғындар болған.

"Экскурсияда жүрміз. Таудың ең биік нүктесіне жеткен соң, шыңның төбесінде суретке түсу мақсатында топтан алыстап кеттім.

Жартастың шетінде суретке түсіп жатқанымда, арт жақтан мұздың шытынаған дыбысын естідім. Сол жерде тұрып видеоға түсіре бастадым. Сол маңда суретке түсіп жүргеніме біраз уақыт болғандықтан, жақын маңда жасырынатын орын барын білдім. Жартастың шетінде тұрғандықтан маған көшкінге қарай немесе таса жерден шалғайға жүгіру мүмкін болды. Сондықтан орнымнан қозғалмадым. Иә, мен соңғы секундқа дейін видео түсірдім, иә, бірден қауіпсіз жерде жасырынуға болатын еді. Өмірімді қауіпке тіккенімді білемін.

Қар мен мұз үгіндісі басып, көшкіннің астында қалғанымда, айналамды қараңғы басып, дем алуым қиындап кетті. Сол кезде өліп кетуім де мүмкін деген ой келді. Бәрі аяқталған соң мендегі адреналин деңгейі көтеріліп кетті.

Мен топтың қалған бөлігі көшкіннен алыс екенін білдім, сондықтан оларда бәрі жақсы болуы керек деп ойладым. Көп ұзамай қатарға қосылып, олардың бәрі аман екеніне көзім жетті. Олардың бірі тізесін қатты жарақаттап алғандықтан, атқа мініп, жақын маңдағы медициналық мекемеге кетті. Екіншісі де аттан құлап, қатты жарақат алған екен.

Бәріміз бір күліп, бір жылап алдық. Тізесін ауыртып алған қыз да тірі қалғанына бақытты. Кейін ғана қаншалықты жолымыз болғанын түсіндік. Әлі көшкін болған жерде тағы бес минут жүргенімізде, ешқайсымыз тірі қалмайтын едік. Біз бірден жүгіргеннің өзінде көліктің көлеміндей үлкен мұз үйінділері біздің алдымызды орап, жолды жауып тастайтын еді", – дейді Гарри.

Турист бұл жайттан кейін Қырғызстанда танымал бола түскенін айтып, әңгімесін әзілмен аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977810-turist-qyrgyzstan-taularynda-muzdyqtyn-opyryluyn-videoga-tusirip-aldy-video/

pixel