Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде қанша миллион адам аштықта өмір сүріп жатыр

Опубликовано:

Әлемде аштықта өмір сүріп жатқан адамдар көбеюде
Көрнекі сурет: Pіxabay.com

Қарулы қақтығыстар, коронавирус пандемиясы және климаттың өзгеруі салдарынан әлемде аштықта өмір сүріп жатқандар саны 811 миллион адамға жетті, деп хабарлайды DW сайты Welthungerhilfe есебіне сілтеме жасап.

12 шілде күні Германияның ең ірі Welthungerhilfe қайырымдылық ұйымы өткен жылға арналған есебін жариялады.

Ұйым есебіне сәйкес, аштықта өмір сүріп жатқан адамдардың басым бөлігі Йемен, Ауғанстан және Оңтүстік Суданда, сондай-ақ Мадагаскар мен Шығыс Африка елдерінде тұрады. Аталған елдер климаттың өзгеруіне байланысты қатты құрғақшылыққа тап болғандықтан, халқының тұрмыс жағдайы нашарлай түскен.

Ұйым, сонымен қатар пандемия мен қарулы қақтығыстар да адамдардың тұрмыс жағдайын нашарлатқанын алға тартты. Есепте Украинадағы қақтығыс пен соның салдарынан туындаған азық-түлік дағдарысы жағдайды ушықтыруы мүмкін екені айтылған.

"2021 жылы әлемде азық-түлік бағасы орта есеппен 28 пайызға көтерілген. Украинадағы жағдай бағаның көтерілу мәселесін одан бетер ушықтырып тұр. Көптеген ел Украинадан жеткізілетін астыққа тәуелді", - деп жазған ұйым өз есебінде.

Welthungerhilfe ұсынған ақпаратқа сенсек, әлем бойынша аштықта өмір сүріп жатқан адамдар саны күн санап өсуде және бүгінде 811 млн адамға жеткен.

Еске салсақ, бұған дейін БҰҰ биыл тағы 13 миллион адам аштыққа тап болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1978293-alemde-qansa-million-adam-astyqta-omir-surip-zatyr/

pixel