Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ басшысы әлем елдерін маска режиміне оралуға шақырды

Опубликовано:

бетперде74
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданам Гебрейесус коронавирустан қайтыс болғандар санының көбеюіне байланысты әлем елдерін маска режиміне оралуға шақырды.

ДДСҰ бас директорының сөзін SkyNews порталы жариялады.

Басылым көптеген елдің коронавирус инфекциясына байланысты шектеулерден бас тартқанын атап өтті. Дегенмен ДДСҰ басшысы COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады деп есептейді.

"Мен COVID-19 жұқтырғандар санының көбейіп жатқанына алаңдаулымын. Инфекцияның қайтадан өршуі қазірдің өзінде ауыртпалығы көп денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлеріне қосымша қысым жасауда. Бұдан бөлек мені өлім-жітім жағдайларының көбеюі алаңдатады", - деді Тедрос Аданам Гебрейесус.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылықтар маска тағу режиміне қайта оралғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1978340-ddsu-bassysy-alem-elderin-maska-rezimine-oraluga-saqyrdy/

pixel