Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамптың бірінші әйелі өмірден өтті

Опубликовано:

Ивана Трамп
Ивана Трамп. Фото: Taylor Hill/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың бірінші әйелі Ивана Трамп 73 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Трамптың өзі Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады NBC News.

"Ивана Трампты жақсы көргендердің бәріне оның Нью-Йорктегі өз үйінде қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймын", - деп жазды Дональд Трамп.

Ивана Трамптың өліміне не себеп болғаны белгісіз.

АҚШ-тың бұрынғы президенті оны "әсерлі әрі керемет өмірді бірге сүрген тамаша жан" деп атады.

Дональд пен Ивана Трамптың некесі 1977 жылдан 1992 жылға дейін созылды. Олардың ортақ үш баласы бар: қызы Иванка және екі ұлы Кіші Дональд пен Эрик.

Жұбайлар ажырасқан соң Ивана бизнеспен айналысып, кітап жазды.

Сонымен қатар ол тағы екі рет тұрмыста болды. Алайда некесі ұзаққа созылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1978609-donald-tramptyn-birinsi-aieli-omirden-otti/

pixel