jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Испания мен Португалияда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны мыңнан асты

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Испания мен Португалияда күннің қатты ысуынан қайтыс болғандар саны мыңнан асты. Сонымен қатар Франция мен Андоррада да ауа температурасының күрт көтерілуі тіркелген, деп хабарлайды BNO News.

Басылымның ақпаратынша, өткен аптада Португалияда 659 адам ыстықтан көз жұмған. Елдің Пиньян қаласында 14 шілде күні 2003 жылдан бергі рекордтық температура - 47 градус ыстық тіркелген. Дәл сол күні қаза тапқандар саны да көбейген.

Ал көршілес Испанияда аптап ыстықтан 368 адам көз жүмған. Марқұмдардың бірі - мадридтік 60 жастағы аула тазалаушы ауруханаға 15 шілдеде жеткізілген. Оның дене қызуы 41 градусқа дейін көтеріліп, келесі күні қайтыс болған.

Ауа температурасының күрт көтерілуі салдарынан Франция, Греция және Еуропаның өзге де елдерінде орман өрті өршіп тұр. Мәселен, Францияда 7 мыңнан астам гектар аумақтағы орман алқабын қызыл жалын шарпыған.

Айта кетейік, бүгін, 18 шілдеде Шымкент қаласында ауа температурасы +39... +41 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда.

Испания мен Португалияда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны мыңнан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.