Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенбіде еліміздің үш ірі қаласында күн райы қандай болмақ

Опубликовано:

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүйсенбі, 18 шілдеде Алматы мен Шымкент қаласында аптап ыстық болады, ал елордада жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Алматыда бүгін күн ыстық болады. Атап айтқанда, сынап бағаналары +34... +36 градусқа дейін көтеріледі. Соққан желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді.

Шымкентте мамандар күн райы +39... +41 градусқа дейін ысиды деп болжап отыр. Сонымен қатар қалада жел соғып, күші 8-13 м/с жетеді.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында дүйсенбіде күн жаңбырлы болады. Сондай-ақ шаһарда найзағай ойнауы мүмкін. Одан бөлек соққан желдің күші 9-14 м/с жетеді. Осы ретте ауа температурасы +24... +26 градусқа дейін төмендейді деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978890-duisenbide-elimizdin-us-iri-qalasynda-kun-raiy-qandai-bolmaq/

pixel