Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда тележүргізуші тікелей эфир кезінде есінен танып қалды

Опубликовано:

тікелей эфир
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына үміткерлер арасындағы болған пікірсайыс кезінде тікелей эфирде бағдарлама жүргізушісі есінен танып қалды, деп хабарлайды РИА новости агенттігі.

Talk.tv арнасының мәліметінше, Кейт МакКенн есімді тележүргізуші премьер-министрлікке үміткер Сыртқы істер министрі Лиз Трасстың Ресей және Владимир Путин туралы сұраққа жауап беріп тұрғанда құлаған. Сол себепті қос бірдей телеарна эфирінен жүріп жатқан трансляция бірден үзілген.

Кандидаттардың пікірсайысы көрерменсіз жалғасқан. Кейінірек ұйымдастырушылар түсірілімге қатысушылардың хәлі дұрысталғанын айтып, жағдайды түсіндірген.

"Кейт МакКэнн бүгін кешке тікелей эфирде құлап қалды, оның жағдайы жақсы болса да, медицина мамандарының кеңесі бойынша біз пікірсайысты жалғастыра алмаймыз. Көрермендеріміз бен тыңдармандарымыздан кешірім сұраймыз", - деп жазды арна.

Еске сала кетейік, 7 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қызметінен кететінін, сондай-ақ Консервативті партияның төрағалығын босататынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980369-ulybritaniyada-telezurgizusi-tikelei-efir-kezinde-esinen-tanyp-qaldy/

pixel