Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байденнен тағы да коронавирус инфекциясы анықталды

Опубликовано:

Джо Байден
Фото: Rick Loomis / Getty Images

АҚШ президенті Джо Байденнің 1 тамыз, дүйсенбі күні тапсырған ПТР сынағы оң нәтиже көрсетті. Алайда ол өзін жақсы сезінеді. Бұл туралы Джо Байденнің дәрігері Кевин О'Коннор мәлімдеді. Оның мәлімдемесі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған.

Қазіргі уақытта АҚШ басшысы Ақ үйде оқшаулануда және жұмысын жалғастырып жатыр.

"Президент апта басталған сәттен бастап өзін жақсы сезінуде... Бүгін таңертең оның SARS-CoV-2 антиген тестінің нәтижесі оң нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнен коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Джо Байденнің Глазгода өткен климаттық саммитте ұйықтап қала жаздағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981253-baidennen-tagy-da-koronavirus-infekciyasy-anyqtaldy/

pixel