jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Пелоси Тайвань басшысы Цай Инвэньмен кездесуді бастады

Нэнси Пелоси
Нэнси Пелоси. Фото: Drew Angerer/Getty Images

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесуді бастады, деп хабарлайды ТАСС тайваньдық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Кездесу алдында Пелоси Вашингтон мен Тайбэйдің қарым-қатынасын дамытудағы еңбегі үшін "Мейірімді бұлттар ордені" медалімен марапатталды, деп жазады РИА Новости.

"Бүгін біздің делегация Тайваньға адалдығымыздан бас тартпайтынымызды және уақыт сынынан өткен достығымызды мақтан тұтатынымызды білдіру үшін келді", - деді Пелоси.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға 2 тамыз күні кешке келді. Оның аралға сапарына Қытай қарсы пікір білдірді.

Сонымен қатар ҚХР билігі Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде ауқымды әскери жаттығу өткізілетінін айтты.

БАҚ: Пелоси Тайвань басшысы Цай Инвэньмен кездесуді бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram