jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қырғыз депутаттары шенеуніктердің орыс тіліндегі баяндамасын тыңдаудан бас тартты

Шенеунік
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қырғызстан парламентінің депутаттары Аграрлық саясат, су ресурстары, экология және өңірлік даму комитетінің отырысында шенеуніктердің орыс тіліндегі баяндамасын тыңдаудан бас тартты. Бұл туралы 24.kg хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, халық қалаулылары Қырғызстанның салықтық емес кірістер туралы Кодексіне түзетулер жобасы туралы баяндаманы орыс тілінде тыңдауы керек болатын. Алайда комитет басшысы Аманқан Кенжебаев баяндамаларды тек мемлекеттік тілде тыңдау туралы шешім қабылдағанын айтып, ресми тілде баяндама жасауға рұқсат бергісі келмеген.

"Біз қырғыз тілін дамыту мақсатында баяндамаларды тек мемлекеттік тілде тыңдау туралы шешім қабылдаған болатынбыз", – деді комитет басшысы Аманқан Кенжебаев.

Оған депутат Жәнібек Қыдықбаев баяндама Қырғыз республикасының "салықтық емес кірістер туралы" Кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты екенін және салық төлеушілер арасында орыс тілінде сөйлейтіндер де барын атап өткен.

Дегенмен, басылым мәлім еткендей, комитет басшысының баяндаманы сол кезде орыс тілінде, ал келесіде мемлекеттік тілде тыңдау туралы ұсынысы қолдау таппаған.

"Бізді бүкіл республика тыңдайды. Олардың 80 пайызы қырғыз тілінде сөйлейді, 10 пайызы орыс тілінде сөйлеуі мүмкін. Көпшілікті сыйлау керек", – деді депутат Әлішер Қозуев оған жауап ретінде.

Қырғыз депутаттары шенеуніктердің орыс тіліндегі баяндамасын тыңдаудан бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.