Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

III Карл ресми түрде Біріккен Корольдіктің монархы атанды

Опубликовано:

Карл
III Карл. Фото: Jane Barlow - WPA Pool/Getty Images

Карл III Мұрагерлік кеңесінің шешімімен ресми түрде (бұрынғы Чарльз ханзада) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің монархы болды.

Мұрагерлік кеңесінің отырысын корольдік отбасының ресми YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Айта кетейік, Ұлыбритания тағына ел тарихындағы ең қарт патша отырды. Оның жасы 65-те.

Естеріңізге салайық, кеше, 8 қыркүйекте, 96 жасында Ұлыбритания патшайымы II Елизавета қайтыс болды. Оның қазасына байланысты Ұлыбританияда аза тұту 10 күнге созылады деп хабарланды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев патшайым II Елизаветаның өмірден өтуіне байланысты оның ұлы Король ІІІ Карлге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987143-karl-iii-resmi-turde-birikken-koroldiktin-monarxy-boldy/

pixel