Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 96 жасында қайтыс болды

Опубликовано:

ІІ Елизавета
Фото: Dan Kitwood - WPA Pool /Getty Images

8 қыркүйек күні 96 жасында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета қайтыс болды. Бұл туралы британ патшалығының ресми Twitter парақшасынан мәлім болды.

Британиялық монарх ІІ Елизаветаның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өлімінен соң Ұлыбритания королі болып патшайымның орнын оның үлкен ұлы Чарльз ханзада басты. Бұрынғы Уэльс ханзадасы Біріккен корольдік пен 14 Достастық корольдігінің королі атанды, деп жазады Sky News телеарнасы.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның дәрігерлері оның денсаулығына алаңдап отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1986906-ulybritaniya-patsaiymy-ii-elizaveta-96-zasynda-qaitys-boldy/

pixel