jitsu gif

Алты жыл кездескен ғашықтар ағасы мен қарындасы боп шықты

Ғашықтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкада 6 жыл бойы кездескен ғашықтар туған ағасы мен қарындасы болып шықты. Олар бұл жайтты тек ДНК тестін тапсырғанда бір-ақ білген, деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

30 жастағы әйелдің айтуынша, оны қазіргі отбасы асырап алған. Жігітінің де асыранды екенін білген. Бұл жағдай олардың арасын жақындата түсіп, 6 жылдан кейін отбасы болуды жоспарлайды.

Олар болашаққа жоспар құрмас бұрын шыққан тегін білу мақсатында ДНК тестін тапсырған. Тест нәтижесі олар үшін күтпеген жайттың бетін ашты.

"Бізді ел бір-бірімізге қатты ұқсататын. Мен оны алғаш көргенде әлдебір жақындықты сездім. Екеуіміз бірден тіл табысып кеттік. Бір-бірімізді сөзсіз ұғатынбыз. Сөйтсем, мұның бәрі біздің туған бауыр болғандығымыздан екен", - деді ағынан жарылған әйел.

Алты жыл ішінде олар бақытты өмір сүрген. Бір-бірін ата анасымен таныстырып, болашақ тойының күнін де белгілеген. Бірақ балалы болуға асықпаған.

"Біздің бала жоспарламағанымыз дұрыс шешім болыпты", - дейді ол.

Қазіргі уақытта ғашықтар қайтадан тест тапсырған. Олар ДНК тестінің алғашқы нәтижесі қате екенінен үмітті.

Алты жыл кездескен ғашықтар ағасы мен қарындасы боп шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.