Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медведев қажет болған жағдайда Ресей ядролық қару қолдануы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Дмитрий Медведев
Дмитрий Медведев. Фото: kremlin.ru

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өзінің Telegram-дағы ресми парақшасында ел президенті Владимир Путиннің ядролық қару қолдануға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Медведев Украинадағы оккупацияланған территорияларда референдум өтетінін, оларды қауіпсіздігін Ресей Қарулы күштері қамтамасыз ететінін айтты.

Сонымен қатар оның сөзінше, қажет болған жағдайда Ресей ядролық қару қолдануы мүмкін.

"Ресей мұндай қорғаныс үшін тек жұмылдыру мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар кез келген Ресей қаруын, соның ішінде стратегиялық ядролық қаруды және жаңа қағидаттарға негізделген қаруды қолдануға болатындығын мәлімдеді", – дейді Медведев.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, елде ішінара мобилизация жариялады.

Сондай-ақ Путин Ресейдің аумақтық тұтастығына қауіп төнсе, ел билігі барлық әдісті қолданатынын да айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989155-medvedev-qazet-bolgan-zagdaida-resei-yadrolyq-qaru-qoldanuga-daiyn-ekenin-malimdedi/

pixel