Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин халыққа жасаған үндеуінде Ресейде ішінара мобилизация жариялады. Бұл туралы ТАСС Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Путин Ресей федерациясында ішінара мобилизация жариялады", - делінген хабарламада.

"Елімізді, халқымызды қорғау үшін біз қолымыздағы барлық мүмкіндікті пайдаланамыз", - деді ол.

Ресей президенті мобилизация шаралары бүгін, 21 қыркүйекте басталатынын хабарлады. Бұл ретте запастағы әскерилер шақырылады. Сондай-ақ олар қосымша әскери дайындықтан өтеді.

Ресей президентінің үндеуі 20 қыркүйекте көрсетіледі деп хабарланған болатын. Бірақ белгіленген күні ол көрсетілген жоқ. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков байланысқа шықпай отыр.

Ал кейбір ресейлік басылым Путиннің үндеуі болатыны туралы жарияланған материалдарды алып тастады. Кейінірек БАҚ оның 21 қыркүйекке ауыстырылғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін өзін тәуелсіз республикалар ретінде жариялаған ДХР мен ЛХР-да Ресейге қосылу мәселесі бойынша референдум өтетіні белгілі болған еді. Референдум 23-27 қыркүйекке жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1988872-putin-reseide-isinara-mobilizaciya-zariyalady/

pixel