jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Өзін өзі тәуелсіз республика деп жариялаған ДХР мен ЛХР-да Ресейге қосылу бойынша референдум басталды

Ресей туы
Ресей туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Өзін өзі тәуелсіз республика деп жариялаған ДХР және ЛХР, сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстарында Ресейдің құрамына кіру бойынша референдум басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Өзін өзі тәуелсіз республика деп жариялаған ЛХР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі дауыс беру таңғы сағат 8-де (Астана уақыты бойынша 11:00-де) басталғанын атап өтті.

Басылымның хабарлауынша, бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізілген.

Өзін өзі республика жариялаған ДХР, сондай-ақ Запорожье және Херсон облыстарында да референдум басталған.

"Бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 08.00-де (Астана уақыты бойынша 11:00-де) ДХР-дың Ресей Федерациясына субъект ретінде қосылуы туралы референдум өткізу процесі басталды", - дейді ДХР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Басылым мәліметінше, Запорожье облысында сайлау комиссиясының қызметкерлері тұрғындардан дауыс жинау үшін үйлерді аралай бастаған. Референдум 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін өзін тәуелесіз республика деп жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары 23-27 қыркүйек аралығында Ресей федерациясының құрамына кіру мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ Украинаның Херсон облысы да осындай референдум өткізуге әзір екендігін жеткізген болатын.

Дегенмен халықаралық қауымдастық референдум нәтижесін мойындамайтынын ескертті.

Өзін өзі тәуелсіз республика деп жариялаған ДХР мен ЛХР-да Ресейге қосылу бойынша референдум басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.