Өзін тәуелсіз республика деп жариялаған ДХР мен ЛХР Ресейге қосылу туралы референдум өткізетінін мәлімдеді
Опубликовано:

Өзін тәуелесіз республика деп жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары 23-27 қыркүйекте Ресей федерациясының құрамына кіру мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Өзін өзі республика деп жариялаған ЛХР-дың Ресейге қосылуы туралы референдум 23 қыркүйекте басталып, 5 күнге созылады. Агенттіктің хабарлауынша, тиісті заңға мойындалмаған республика басшысы Леонид Пасечник қол қойған.
Басылымның жазуынша, дәл осы күндері өзін өзі республика деп жариялаған ДХР-дың Ресей федерациясына қосылуы туралы референдум өтеді.
Сондай-ақ басылым мойындалмаған ДХР басшысы Денис Пушилиннің Ресей президенті Путинге алдағы референдумға қатысты үндеу жолдағанын хабарлады.
Басылым тілшілерінің мәліметінше, бұған дейін өзін тәуелсіз республика ретінде жариялаған ДХР мен ЛХР-дың қоғамдық палаталары дүйсенбі күні республика басшылары Денис Пушилин мен Леонид Пасечникке тез арада референдум өткізу туралы бастамамен жүгінген.
Сондай-ақ Украинаның Херсон облысы да осындай референдум өткізуге әзір екендігін жеткізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1988762-ozin-tauelsiz-respublika-dep-zariyalagan-dxr-men-lxr-reseige-qosylu-turaly-referendum-otkizetinin-malimdedi/