Түркиядағы көмір шахтасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40-қа жетті

Опубликовано:

Түркиядағы шахтада болған жарылыс
Түркиядағы шахтада болған жарылыс. Фото: aa.com.tr/ru

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Бартын провинциясының Амасра ауданындағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сүлейман Сойлудың айтуынша, бір ғана кеншінің тағдыры белгісіз.

"Біз зардап шеккен 11 адамға көмектесу үшін барлығын жасап жатырмыз. Оның алтауы Ыстамбұлда, бесеуі Бартында емделіп жатыр", - деді Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Амасра аймағындағы шахталардың бірінде жұма, 14 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:15-те (Астана уақыты бойынша 21:15) жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 110 адам болған.

Әзірге 58 адам құтқарылды.

Бартын провинциясының прокуратурасы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне Бартын провинциясындағы көмір шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1992894-turkiyadagy-komir-saxtasynda-bolgan-zarylystan-qaza-tapqandar-sany-40-qa-zetti/