jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тәжікстанда Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы жазылған көне қолжазба табылды (фото)

Тәжікстаннан табылған Әмір Темір туралы көне қолжазба
Тәжікстаннан табылған Әмір Темір туралы көне қолжазба. Фото: uza.uz

Тәжікстан аумағынан ұлы қолбасшы Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды, деп хабарлайды "ӨзА" ақпараттық агенттігі.

Елдің мәдени мұра агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кітаптың соңында қолжазбаның жазылу уақыты хижра күнтүзбесі бойынша 1027 жыл деп көрсетілген. Бұл кезең 1618 жылдың маусым-шілде айларына сәйкес келеді.

Тәжікстаннан табылған Әмір Темір туралы көне қолжазба
Тәжікстаннан табылған Әмір Темір туралы көне қолжазба. Фото: uza.uz

Әзірге қолжазбаны кім жазғаны және қайдан көшірілгені белгісіз.

Агенттіктің жазуынша, Душанбеден табылған бұл көне қолжазбаның көшірмесін Өзбекстанға әкеліп, белгілі тарихшы, деректанушы ғалымдардың көмегімен терең зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Тәжікстаннан табылған Әмір Темір туралы көне қолжазба
Тәжікстаннан табылған Әмір Темір туралы көне қолжазба. Фото: uza.uz

Еске сала кетейік, бұған дейін Моңғолия жерінен екінші Шығыс түрік қағанатының негізін салушы, Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылған еді.

Кешенде түркі және соғды жазуындағы мәтіндер бар.

Тәжікстанда Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы жазылған көне қолжазба табылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.