Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Лиз Трасс
Лиз Трасс. Фото: Leon Neal / Staff / Getty Images

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кететінін мәлімдеді. Оған бұл шешімді қабылдауға елдегі экономикалық дағдарыс пен үкіметтен бірнеше министрдің қызметінен кетуі себеп болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sky News телеарнасына сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, саясаткер отставкаға кететінін британиялық телеарна эфирінде мәлімдеген.

Басылым мәлім еткендей, Трасс премьер-министр лауазымында бар болғаны алты апта қызмет еткен. Дегенмен ол жаңа премьер-министр сайланғанша үкімет басшысы болып қала бермек.

Консервативтік партияның жаңа жетекшісін сайлау келесі аптада өтеді.

Еске сала кетейік, Лиз Трасс биыл қыркүйек айында Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалған еді.

Өткен аптада Трасс өзінің басты одақтасын қызметінен босатып, елдегі негізгі реформа - салықты азайтуды тоқтатты.

Осылайша ол бірқатар британиялық саясаткердің сынына ұшырады. Осыдан соң британдық парламенттің бірнеше мүшесі Лиз Трассты премьер-министр қызметінен кетуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1993648-ulybritaniya-premer-ministri-liz-trass-otstavkaga-ketetinin-malimdedi/

pixel