Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимараты Қазақстан туының түсіне енді

Опубликовано:

Бурдж-Халифа ғимараты Қазақстан туының түсіне енді. 25 қазан 2022 жыл
Бурдж-Халифа ғимараты: instagram/burjkhalifa

Әлемдегі ең биік ғимарат - Бурдж-Халифа Республика күнінде Қазақстан туының түсіне боялды. Бұл туралы видео ғимараттың ресми Instagram парақшасында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Бурдж-Халифа Қазақстандағы Республика күніне орай өз шамдарын жарқыратты. Бұл елдің халқына бейбітшілік пен гүлдену тілейміз", - делінген ролик сипаттамасында.

Аталған жазбаға пікір қалдырған қазақстандықтар ғимарат әкімшілігіне алғысын жаудырды.

Айта кетелік, Бурдж-Халифаның Қазақстан туының түсіне енуі алғаш рет болып отырған жоқ. 2020 жылы Тәуелсіздік күнінде әлемдегі ең биік ғимарат ел байрағының түсімен боялған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994269-alemdegi-en-biik-burdz-xalifa-gimaraty-qazaqstan-tuynyn-tusine-endi-video/