Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам адам қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Сеулде қайғылы жағдай болған маңда тұрған полицейлер
Сеулде қайғылы жағдай болған маңда тұрған полицейлер. Оқиға орынан фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен түні 150-ден аса адам қайтыс болып, ондаған адам зардап шекті. Қаза болғандар арасында шетел азаматтары да бар. Қайғылы жағдай Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде болған.

Yonhap News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Сеулдегі түнгі уақытқа дейін жұмыс істейін көптеген мейрамхана, кафе және түнгі клуб орналасқан Итэвон ауданындағы көшелердің бірінде болған.

Басылымның мәліметінше, коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отырған Хэллоуин мерекесіне ондаған мың адам келген. Кенет бір мезетте тар көшедегі адам санының көптігінен, халық кептеліп қалған.

Сеулде қайғылы оқиға болған жер
Сеулде қайғылы оқиға болған жер. Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, Сеулдің құтқару қызметіне азаматтардан көптеген қоңырау келіп түскен. Олардың дені дене жарақты мен тыныс алу қиынға соғып жатқанын, айтып шағымданған.

Елдің жедел қызмет көрсету орталығының мәліметінше, соңғы деректер бойынша қайғылы жайттан 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шеккен. Олардың арасында 20 шетел азаматы бар.

Сонымен қатар Yonhap News агенттігінің хабарлауынша, тағы жүздеген адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама тараған.

Бұл оқиғаға байланысты Оңтүстік Кореяның билігі шұғыл кеңес өткізген. Ел президенті Юн Сок Ель жедел түрде қайтыс болғандар мен зардап шеккен адамдардың жеке басын анықтап, олардың жақындарына хабарлауды тапсырған.

Қазіргі таңда оқиға орнында Оңтүстік Кореяның жедел қызметтері жұмыс істеуде. Одан бөлек оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994906-ontustik-koreyada-xellouin-merekesin-toilau-kezinde-150-adam-den-asa-adam-qaitys-boldy-video/

pixel