Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде ішінара мобилизация аяқталды

Опубликовано:

Мобилизация
Мобилизация. Фото: Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі

Ресейде азаматтарды резервке шақыруға байланысты ішінара мобилизация аясындағы барлық іс-шаралар тоқтатылды. Бұл жайлы Ресей қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости мәліметінше, әскери бөлімше әскери комиссариаттар мен қабылдау пункттерінің алдағы жұмысы туралы баяндаған.

"Алдағы уақытта әскери комиссариаттар еріктілер мен келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлерді Ресей қарулы күштеріне шақыру жұмыстарын ғана ұйымдастырады", - деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

Сонымен қатар ішінара мобилизация пунктері бұрынғы жұмысына қайта оралады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйек күні Путин халыққа жасаған үндеуінде Ресейде ішінара мобилизация жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995116-reseide-isinara-mobilizaciya-ayaqtaldy/

pixel